Posts

Showing posts from 2019

Leaving Neverland қазақша.

Image
19-жылдың наурыз айында көп нәрсе болды. Соның бірі - менің мәңгілік кумиріммен қоштасу.
Жыл басында аты шулы Р.Келли туралы деректі фильм жайлы көп естіп, көрдім, оқыдым. Ол рэпер жас қыздармен abusive болған екен. Деректі фильм толығымен шындық боп шықты және менің ода күмәнім болмады. Ал содан кейін Майкл Джексон туралы фильм шығатынын естідім...
Майкл Джексонды мектеп бітірерде тыңдап, ол кісінің қандай дарынды екенін біле бастадым. Ол шамамен 2004-2006 жылдар. Ең қызығы, Майклды ата-анам да онша сүйсініп тыңдап, әр әнін білмесе де, әрдайым оны ең дарынды әнші деп айтады. Барлық хиттарын тыңдап, клиптерін көргеннен кейін ол әншінің шынымен ең-ең-ең дарынды адам екенін үйде бәріміз түсіндік. Тіпті арманымыз болатын - бесеуіміз бірге Майклдың концертіне бару. Ол кезде Майклды екі рет кішкентай балаларға "тиіскені" үшін айыпталғанын білмегем де. Сосын әнші қайтыс болды. Барлық телеканалдарда оның клиптерін бір апта бойы беріп жүрді. Интернетте де Майклдың шығармашылығына ж…

Бірінші наурыз, 2019

Image
Мен Оны ұмыттым. Мен Оны басқа ұнатпайм. Жалған үміттер мен негізсіз армандарыммен қоштастым.
- бұл ойлар маған бір ай бұрын кішкентай болып келіп, өсе берді. Ойламаңыз, дәл осы ойларды мен жасанды түрде бірнеше рет ойыма қондырғам. Өзіме сену үшін араласуды тоқтатып, Оны өмірімнен өшіруге талпынғам. Бірақ ешқашан ол ойлар осындай "қатты" және осылай "тыныш" болмады. Ол адамға осы ойларды айтуға да ұмтылмайм бұрынғыдай.  Осымен екінші рет мен басқа кісінің жүрегі менің жүрегіммен ең үйлесімді деп ойладым. Екі рет те қателеспедім. Бірақ жүректердің үйлесуі, көзқарастардың келісуі екі рет те жеткіліксіз боп шықты. Ең алдымен басқа сезім керек боп қала берді.
Алты жыл бойы ұнатқан адамды ұнатпай қалдым. Келесі қадамым қандай? - Оны әлемдегі ең ақылды адам деп атай бермеу және ол ойдың өтірік екенін түсіну; - Драмаға жол бермеу. Біреуге бәрібір болса драма жасай да алмайм. Өмірімнен Оны бірден өшіруге тырыспай, ол біртіндеп өзі өмірімнен жойылатынын түсіну және қабылд…

2018 жылдың екінші жартысында оқыған кітаптарым

Image
2018 жылдың бірінші жартысында оқыған 14 кітап туралы пост: http://www.asemsoz.com/2018/07/blog-post_2.html

1. Үміт үзгім келмейді, Немат Келімбетов. Әдемі сөз тіркестеріне және көркем сөзге толы, бірақ желісі тұрпайы және созып жіберген кітап. Бұл шығарма туралы бөлек пост жазғам: http://www.asemsoz.com/2018/08/blog-post_27.html 2. Бруклин, Колм Тойбин. Кітаптың сыртында Бруклин фильмінің өте әдемі суреті бейнеленген. Мен соңғы кезде заманауи жеңіл әдебиет оқымаймын, бірақ бұл туындыны Алихан досым жіберенде қуандым. Ауыр желілі кітаптардан кейін Бруклин жеңіл әрі тез оқылды. Роман желісі бойынша, елуінші жылдары ирланд қыз отанында жұмыс жоқ болған соң АҚШ-қа жұмыс жасауға кетеді. Кейбіреулері өздері талпынып АҚШ-қа бақыт іздеуге кеткен болса, бұл кітап кейіпкеріне жұмыс орны оңай және дайын түрде ұсынылды. Сондықтан ол армандар орындалатын жерде тек отанын ойлап жүре берді. Өте қарапайым кітап, дегенмен, аяғында болатын қақтығыс маған ұнады және бір қарағаннан тереңірек боп көрінді. …