Posts

Showing posts from March, 2019

Бірінші наурыз, 2019

Image
Мен Оны ұмыттым. Мен Оны басқа ұнатпайм. Жалған үміттер мен негізсіз армандарыммен қоштастым.
- бұл ойлар маған бір ай бұрын кішкентай болып келіп, өсе берді. Ойламаңыз, дәл осы ойларды мен жасанды түрде бірнеше рет ойыма қондырғам. Өзіме сену үшін араласуды тоқтатып, Оны өмірімнен өшіруге талпынғам. Бірақ ешқашан ол ойлар осындай "қатты" және осылай "тыныш" болмады. Ол адамға осы ойларды айтуға да ұмтылмайм бұрынғыдай.  Осымен екінші рет мен басқа кісінің жүрегі менің жүрегіммен ең үйлесімді деп ойладым. Екі рет те қателеспедім. Бірақ жүректердің үйлесуі, көзқарастардың келісуі екі рет те жеткіліксіз боп шықты. Ең алдымен басқа сезім керек боп қала берді.
Алты жыл бойы ұнатқан адамды ұнатпай қалдым. Келесі қадамым қандай? - Оны әлемдегі ең ақылды адам деп атай бермеу және ол ойдың өтірік екенін түсіну; - Драмаға жол бермеу. Біреуге бәрібір болса драма жасай да алмайм. Өмірімнен Оны бірден өшіруге тырыспай, ол біртіндеп өзі өмірімнен жойылатынын түсіну және қабылд…

2018 жылдың екінші жартысында оқыған кітаптарым

Image
2018 жылдың бірінші жартысында оқыған 14 кітап туралы пост: http://www.asemsoz.com/2018/07/blog-post_2.html

1. Үміт үзгім келмейді, Немат Келімбетов. Әдемі сөз тіркестеріне және көркем сөзге толы, бірақ желісі тұрпайы және созып жіберген кітап. Бұл шығарма туралы бөлек пост жазғам: http://www.asemsoz.com/2018/08/blog-post_27.html 2. Бруклин, Колм Тойбин. Кітаптың сыртында Бруклин фильмінің өте әдемі суреті бейнеленген. Мен соңғы кезде заманауи жеңіл әдебиет оқымаймын, бірақ бұл туындыны Алихан досым жіберенде қуандым. Ауыр желілі кітаптардан кейін Бруклин жеңіл әрі тез оқылды. Роман желісі бойынша, елуінші жылдары ирланд қыз отанында жұмыс жоқ болған соң АҚШ-қа жұмыс жасауға кетеді. Кейбіреулері өздері талпынып АҚШ-қа бақыт іздеуге кеткен болса, бұл кітап кейіпкеріне жұмыс орны оңай және дайын түрде ұсынылды. Сондықтан ол армандар орындалатын жерде тек отанын ойлап жүре берді. Өте қарапайым кітап, дегенмен, аяғында болатын қақтығыс маған ұнады және бір қарағаннан тереңірек боп көрінді. …