2018 жылдың екінші жартысында оқыған кітаптарым

2018 жылдың бірінші жартысында оқыған 14 кітап туралы пост: http://www.asemsoz.com/2018/07/blog-post_2.html

1. Үміт үзгім келмейді, Немат Келімбетов. Әдемі сөз тіркестеріне және көркем сөзге толы, бірақ желісі тұрпайы және созып жіберген кітап. Бұл шығарма туралы бөлек пост жазғам: http://www.asemsoz.com/2018/08/blog-post_27.html
2. Бруклин, Колм Тойбин. Кітаптың сыртында Бруклин фильмінің өте әдемі суреті бейнеленген. Мен соңғы кезде заманауи жеңіл әдебиет оқымаймын, бірақ бұл туындыны Алихан досым жіберенде қуандым. Ауыр желілі кітаптардан кейін Бруклин жеңіл әрі тез оқылды. Роман желісі бойынша, елуінші жылдары ирланд қыз отанында жұмыс жоқ болған соң АҚШ-қа жұмыс жасауға кетеді. Кейбіреулері өздері талпынып АҚШ-қа бақыт іздеуге кеткен болса, бұл кітап кейіпкеріне жұмыс орны оңай және дайын түрде ұсынылды. Сондықтан ол армандар орындалатын жерде тек отанын ойлап жүре берді. Өте қарапайым кітап, дегенмен, аяғында болатын қақтығыс маған ұнады және бір қарағаннан тереңірек боп көрінді. Жеңіл, жақсы кітап. 7/10
3. Желмен кеткендер, Маргарет Митчелл. Жазда осы романды үзбей оқыған болатынмын. АҚШ әдебиетінде бұл роман аса маңызды орын алады, себебі кітап азамат соғысын, қаралардың құлдықтан шығуын және Американың тарихындағы негізгі өзгерістерді қамтиды. Кейбір қара американдар бұл кітапты және фильмді жақсы көреміз деулері мені таң қалдырады. Кітап бойынша, қаралардың құлдықтары жаман зат емес, ал олар босағаннан кейін қылмысқа және ішкіштікке беріліп кетеді. Жазушының көзқарасы мен үшін анық болды. Ал негрлер мен олардың "қожайындары" тату өмір сүрді деп көрсеткісі келгендігі мені тіпті ызаландырды. Қожайындарының қамын ойлап, солардың жетістіктеріне қуанып, мақтанып жүрулері мен үшін достық бола алмайды. Дегенмен, романның басты кейіпкерлері сұмдық тартымды. Шәлкез мінезді Скарлетт О'Хара өзінің батылдылығымен және ерлерден қалғысы келмейтіндігімен ұнады. Кітаптың ортасынан бастап кейіпкердің істері логикаға бағынбайтын болғанымен, бұл өте қызықты және тарихта қалатын әйел кейіпкер екені анық. Ал өзінен көп жас үлкен Ретт Батлер (әдетте маған кәрі ерлер жас қыздармен болатын әңгімелер ұнамайды) - харизмаға толы кейіпкер. Оның Скарлеттқа сезімдерін көрсеткен жерлерін мен аса қызығушылықпен оқыдым. 
Сонымен, кітапта аутырдың көзқарастары анық көрінсе де және мен оның ойларымен келіспесем де, роман - нағыз шедевр және қазіргі танымалдылығы орынды. 9/10
4. Американа, Чимаманда Нгози Адичи. Бұл кітапты оқуға көп дайындалдым және көп уақыт оқыдым. Нигерия және Америка қараларының сөйлеулерін түсіну қиын болса да (диалогтар өзгертілмей келтірілген), оқу соншалықты қиын болмады. 
Сүйікті ораторым және мен ойларымен толықтай келісетін феминист сонымен қатар дарынды жазушы болып шыққаны керемет екен. Кейіпкер өзін басқалардан артық деп ойлағаны болмаса, Нигериядан АҚШ-қа көшіп келген қара қыздың нәсілдер айырмашылығы, Африка қаралары және Америка қаралары арасындағы айырмашылықт туралы ойлары керемет келтірген. Сол айырмашылықтың салдарынан шыққан түсініспеушілік пен сол түсініспеушіліктің салдарынан шыққан сезімдер де шебер жазылған. Ал мен шебер жазылған сөздерді оқығанда көзіме жас келеді :) Барак Обаманың бірінші рет сайлауға қатысқандағы Америкадағы Африка және Америка қаралары бірігуі, олардың үміттері туралы оқығанда тіпті елжіредім. Барак Обаманы жақсы көрем! Ал қара әйелдердің шашпен байланысты мәселелерін оқу маған ұнаған себебі - мен бұл тақырыпты бұрыннан білем және ол маған қызықты. Тағы да айтып кету керек: басты кейіпкердің сүйіктісі Обинзе - мен үшін мінезі мінсіз ер. 9/10

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жарты жылда оқыған кітаптарым.