Бірінші наурыз, 2019

Мен Оны ұмыттым.
Мен Оны басқа ұнатпайм.
Жалған үміттер мен негізсіз армандарыммен қоштастым.

- бұл ойлар маған бір ай бұрын кішкентай болып келіп, өсе берді. Ойламаңыз, дәл осы ойларды мен жасанды түрде бірнеше рет ойыма қондырғам. Өзіме сену үшін араласуды тоқтатып, Оны өмірімнен өшіруге талпынғам. Бірақ ешқашан ол ойлар осындай "қатты" және осылай "тыныш" болмады. Ол адамға осы ойларды айтуға да ұмтылмайм бұрынғыдай. 
Осымен екінші рет мен басқа кісінің жүрегі менің жүрегіммен ең үйлесімді деп ойладым. Екі рет те қателеспедім. Бірақ жүректердің үйлесуі, көзқарастардың келісуі екі рет те жеткіліксіз боп шықты. Ең алдымен басқа сезім керек боп қала берді.

Алты жыл бойы ұнатқан адамды ұнатпай қалдым. Келесі қадамым қандай?
- Оны әлемдегі ең ақылды адам деп атай бермеу және ол ойдың өтірік екенін түсіну;
- Драмаға жол бермеу. Біреуге бәрібір болса драма жасай да алмайм. Өмірімнен Оны бірден өшіруге тырыспай, ол біртіндеп өзі өмірімнен жойылатынын түсіну және қабылдау;
- Оны қызғанбау;
- Болмаған заттарға өкінбеу.

"Болмаған заттар" өмірімде көп, Тым көп, Тағдырым сондай ма?

Бұл посты не үшін жаздым? Себебі мен толықтай түсінген және қолдаған бірінші адам туралы бірінші блогымда жазған постан кейін ол кісімен шынайы қоштастым. Мені ырымшыл деп атасаңыз болады, бірақ мен Ол туралы да пост жазсам шынымен АРМАНДАРЫММЕН қоштасатынымды білдім. Бірақ қоштасуға дайын емес едім. Ол басқамен бақытты болғанда да дайын болмадым. Бес жыл дайын болмадым.

Ал қазір дайынмын.

Қош болыңдар, алты жыл бойы менімен бірге болып, жүрегімді жылытқан армандар.


Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жарты жылда оқыған кітаптарым.